Қазақстандық каратэші Түркиядағы бәсекеде күміс жүлдегер атанды
Түркияның Коджаэли өңірінде WKF каратэ-додан халықаралық турнир аяқталды. Дүбірлі додада 40 елден 1095 спортшы жиналды.
Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді. Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта кумитеден сынға түскен Дамир Камал финалда мысырлық спортшыдан ұтылып, күміс жүлдегер атанды.
Сондай-ақ ката бағдарламасында өнер көрсеткен отандасымыз Лия Қошқарбаева 25-орын алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или