Бибісара Асаубаева көрсеткішін жақсартты

Бибісара Асаубаева көрсеткішін жақсартты

Асаубаева көрсеткішін жақсартты. Елордада шахматтан әйелдер арасында халықаралық федерациясының гран-приі жалғасып жатыр және жарыстың соңына қарай спортшылар арасындағы тартыс күшейді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

9-турда қазақ қыздары тең нәтиже тіркеді. Мәселен, Жансая Әбдімәлік ресейлік Александра Горячкинамен жолығып, өзара мықтыны анықтай алмады. Айта кетейік, соңғысы жарыстың басты фавориті саналады. Бірақ осы кездесуден кейін турнир кестесінің топ басынан түсіп қалды. Ал, Бибісара Асаубаева германиялық Динара Вагнермен тең ойнады.

Жарыс қорытындысы бойынша Жансая жалпы есепте 7-орынын сақтап қалды. Ал, Бибісара 1 саты жоғарылап, 8-орынға жайғасты. Байрақты бәсекенің аяқталуына 2 тур қалды. Астанадағы жарыс 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал, оның жүлде қоры 80 мың еуроны құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или