Шахматтан әлемдік гран-при кезеңі: қазақстандықтар жеңіске жете алмады
Елордада шахматтан әйелдер арасында халықаралық федерациясының Гран-приі жалғасып жатыр және ел намысын қорғап жатқан қыздар қарсыластарын жеңе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәселен, Жансая Әбдімәлік бұл жолы үндістандық Рамешбабу Вайшалимен жолығып, кездесу тең нәтижемен аяқталды. Ал Бибісара Асаубаева қытайлық шахматшыдан жеңілді. Нәтижесінде қос жерлесіміздің көрсеткіштері теңесті. Яғни әрқайсысында 1 жеңіс, 2 жеіңіліс және 5 тең ойыннан бар.
Ал жалпы есепте Жансая 7-орында, ал Бибісара, 10-орында тұр. Енді бүгін қазақ қыздары жарыстың басты фавориті ресейлік және германиялық спортшылармен жолығады. Байрақты бәсекенің аяқталуына 3 тур қалды. Астанадағы жарыс 30-шы қыркүйекке дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 80 мың еуроны құрайды.