ФИДЕ Гран-приінің 8-туры: Әбдімәлік пен Асаубаеваның нәтижесі қандай

ФИДЕ Гран-приінің 8-туры: Әбдімәлік пен Асаубаеваның нәтижесі қандай

Шахматтан ФИДЕ (WGP) әйелдер арасындағы Гран-при жарысының бірінші кезеңі сегізінші турында қазақстандық Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік кезекті ойынын өткізді.

Астанада өтіп жатқан жарыста Бибісара Асаубаева қытайлық Тань Чжунъиге есе жіберді. Ал Жансая Әбдімәлік үндістандық Рамешбабу Вайшалимен тең ойнады.

Бүгінге дейінгі нәтиже бойынша Бибісара мен Жансая бірдей көрсеткішке ие. Екеуінің де еншісінде 1 жеңіс, 5 тең ойын және 2 жеңіліс бар.

Жанса тең ойыннан кейін сегізінші орыннан жетіншіге көтерілді. Ал Бибісара жетіншіден оныншы орынға сырғыды. Енді Бибісара 27 қыркүйекте германиялық Динара Вагнермен шеберлік байқасса, Жансая ресейлік Александра Горячкинамен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или