Басқа

Мария Федотова – Азия чемпионатының қола жүлдегері

Мария Федотова – Азия чемпионатының қола жүлдегері

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан суда жүзуден Азия чемпионатында ел қоржынына жүлде түсті.

5 шақырымға жарыста Мария Федотова мәреге үшінші болып келді. Алтынды жапониялық спортшы жеңіп алса, Гонконг жүзгіші күміске қол жеткізді.

Қазақстанның тағы бір өкілі Диана Тасжанова 5-сатыға тұрақтаса, Ирина Архипова 7-ші болып мәреге жетті. Ерлер арасында Виталий Худяков бесінші, Балабек Ғалымжан алтыншы, Лев Черепанов 7-орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0