Ақтауда триатлоннан Азия чемпионаты мәресіне жетті

Ақтауда триатлоннан Азия чемпионаты өтті. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау Азия елдерінен 70-тен астам қатысушыны қабылдады. Олардың ішінде Жапония, Гонконг, Қытай, Филиппин, Өзбекстан, Сирия, Қытай Тайпэй, Палестина және басқалары бар.
Әйелдер арасында жапондық Юко Такахаши жеңіске жетті. Одан кейін Қытайдан келген қатысушылар Зинью Лин мен Ифан Янг мәреге жетті. Қазақстандық Екатерина Шабалина төртінші орынға табан тіреді.
Ерлер жарысында жапондық Рен Сато бірінші болып мәреге жетті. Екінші орын Кенжи Ненеро (Жапония). Макото Одакура (Жапония) үшінші болды. Қазақстандық Аян Бейсенбаев төртінші нәтиже көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или