«Қайрат» бапкері «Тұранға» қарсы матч туралы пікірін айтты

«Қайрат» бапкері «Тұранға» қарсы матч туралы пікірін айтты

«Қайрат» бас бапкері Кирилл Кекер Қазақстан чемпионатының 19-туры аясында өткен «Тұранға» қарсы (3:1) матч туралы пікірін айтты, деп жазады Prosports.kz.

- Бұл апта ауыр болды. Кейінгі ойында жеңіліс таптық, сондықтан дұрыс жұмыс істеу маңызды болды. Жұмыс істеп, сенімді жеңіске қол жеткіздік. Бұл біздің команданың мінезді екенін көрсетеді. Біз әр матчта жеңгіміз келеді, соның ішінде бүгінгі ойында да.

«Тұранға» келер болсақ, оларға алдағы уақытта сәттілік тілегім келеді. Мықты ойыншылары бар жақсы команда. Қалған ойындарында сәттілік жолдас болсын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или