Әлем футболы

Катардағы әлем чемпионатының матчтары кезінде сыра сатылмайтын болды

Катардағы әлем чемпионатының матчтары кезінде сыра сатылмайтын болды

Катардағы әлем чемпионатындағы матчтар кезінде сыра сатылмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Reuters мәліметінше, сыра ойынның басталуына үш сағат қалғанда және матчтан кейін бір сағаттан соң сатылады. Ал матч кезінде жанкүйерлер сыра сатып ала алмайды. 

Одан бөлек, сыра стадион аумағында ғана сатылады, трибунада және арена ішінде сатып алуға болмайды.

Доха орталығындағы УЕФА фан-аймақтарында сыра тек 18:30 бен 01:00 арасында ғана сатылады. Бұған дейінгі әлем чемпионаттарында сыра фай-аймақтарда күні бойы сатылатын еді. 

Фото russian.rt.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0