WBA: Усик айдың үздік боксшысы атанды

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) өткен айдың үздік боксшысын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл атақ WBA, WBO, IBF, IBO тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы, украиналық Александр Усикке бұйырды.
Айта кетейік, 21 тамызда Александр Усик британиялық Энтони Джошуамен жекпе-жек өткізді. Жекпе-жек 12 раундқа созылып, украиналық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол аса ауыр салмақтағы WBA Super, IBF, WBO және IBO чемпиондық белбеулерін сәтті қорғады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или