Кирилл Кекер: Ойын сайын стадион босап келеді

Кирилл Кекер: Ойын сайын стадион босап келеді

«Қайрат» ФК бас бапкері Кирилл Кекер футболдан Қазақстан Кубогының жартылай финалында «Ақжайықтан» (1:2) жеңіліс туралы пікірін білдірді.

- Бірінші кезекте «Ақжайықты» жеңісімен құттықтаймын! Кубок матчтарын болжау қиын. Өкінішке қарай, бүгін есе жібердік. Ойыншыларыма алғысымды айтамын, олар жарады. Бұл командамен жұмыс істеген мен үшін қызық.

Жанкүйерлерге айтарым. Ұзақ уақыттан бері өзіміздің шәкірттердің ойнағанын күтті.

Қазір олар ойнап жүр, әрқайсысы дарынды, бірақ оларға қолдау қажет. Ал бізде ойын өткен сайын стадион босап келеді. Кейде мұндайды түсіне алмайсың. Қолдауға келген жанкүйерлерге көп рахметімді айтамын. Әркез қуанту қолымыздан келмесе де қолдауын аямайды.

Түпнұсқасы: fckairat.comОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0