«Динамо Алматы» хоккей клубының бапкері аштық жариялады

«Динамо Алматы» хоккей клубының бапкері аштық жариялады

«Динамо Алматы» жеке балалар хоккей клубының негізін қалаушы әрі бапкері Юрий Богайчук наразылық білдіруге бел буды, деп жазады Prosports.kz.

Ол Нұр-Сұлтандағы «Бәйтерек» монументінің алдында наразылық танытып отыр, өзімен бірге төсек-орнын ала барған Юрий мәселе шешілмейінше кетпейтінін айтады. Бұл туралы Orda.kz телеграм-арнасы хабарлады. 

«Қазірден бастап аштық жариялаймын, мұз мәселесі мен аренаны басқарушы компания мәселесі шешілмейінше жалғастыра беремін», - дейді жаттықтырушы.

Мәселе «Халық Арена» мен «Алматы Арена» мемлекеттік мұз айдындарын басқаратын M-Line жеке компаниясы туралы болып отыр. Жаттықтырушының айтуынша, 500-ге жуық бала жаттығатын клуб мұз айдынысыз қалған. Оның айтуынша, Аренада бәрі тәртіптен шығып кеткен, қазір ол жерде тек концерттер өтеді, ал спортшылар назардан тыс қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или