Қазақстан кадеттер арасындағы азия чемпионатын 15 медальмен аяқтады

Қазақстан кадеттер арасындағы азия чемпионатын 15 медальмен аяқтады

Таэквондодан Қазақстан командасы кадеттер арасындағы таэквондодан Азия чемпионатын 15 медальмен аяқтады, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Біріншіліктің екінші күні біздің сегіз спортшымыз жүлдегерлер тізіміне енді: бір "алтын", үш "күміс" және төрт "қола".

Хошиминде өткен Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Мырзағали Сұрановтың шәкірттері 15 медальға ие: 4 алтын, 6 күміс және 5 қола.

Екінші күннің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі:

І орын- Медет Елемесов, 53 келі

ІІ орын- Айым Серікбай, 33 келі

ІІ орын -Ақбота Желеу, 41 келі

ІІ орын- Бекет Болатұлы, 45 келі

ІІІ орын- Торғын Әлімхан, 47 келі

ІІІ орын- Ольга Власюк, 59 келіден жоғары

ІІІ орын- Артур Пак, 61 келі

ІІІ орын- Әміржан Иманбаев, 65 келіден жоғары

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или