Таеквондошыларымыз Азия чемпионатының алғашқы күні жеті медаль жеңіп алды

Таеквондошыларымыз Азия чемпионатының алғашқы күні жеті медаль жеңіп алды

Таеквондодан кадеттер арасындағы Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына әртүрлі дәрежедегі жеті медаль түсті, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Вьетнамның Хошимин қаласында өтіп жатқан аламанда Мырзағали Суранов баптайтын құрама үш алтын, үш күміс және бір қола медаль еншіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:

І орын - Нұрперзент Саматұлы, 33 кг

І орын - Достан Нажимханов, 49 кг

І орын - Ярина Пуганцова, 29 кг

ІІ орын - Нұрай Амангелді, 37 кг

ІІ орын - Дарын Зейнеш, 57кг

ІІ орын - Теміржан Тасқын, 41 кг

ІІІ орын - Жұмабек Нұрайым, 44 кг.

Естеріңізге сала кетейік, сары құрлық біріншілігіне кадеттер құрамасынан 20 спортшы аттанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или