Алматы қаласы Спорт басқармасының бұрынғы басшысы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді

Алматы қаласы Спорт басқармасының бұрынғы басшысы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді

<span>Алматы қаласы Спорт басқармасының бұрынғы басшысы 369 млн теңге бюджет қаражатын ұрлады, деп хабарлайды </span>Prosports.kz.

Іnformburo.kz сайты хабарлағандай, бұл қаражат спорттық құрал-жабдықтар жалға алуға, кубоктар мен сертификаттар алуға жұмсалған.

Антикор басқарманың экс-басшысы мен оның қарамағындағы қызметкерлер ЖШС директорымен алдын ала келісіп 369 млн теңге бюджет қаражатын ұрлағанын анықтады. Олар мемлекеттік сатып алу арқылы спорттық құрал-жабдықтарды жалға алу, сертификаттар мен кубоктарды сатып алу бойынша жалған келісімшарттар жасаған.

Сондай-ақ жауапкерлер ЖШС директорының туыстарына тиесілі банк шоттарына негізсіз ақша аударған. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или