Су добынан 16 жасқа дейінгі спортшыларымыз Грекияда жеңіліп қалды

Су добынан 16 жасқа дейінгі спортшыларымыз Грекияда жеңіліп қалды

Грекияда су добынан 16 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Хабар24» сайтына сілтеме жасап.

<span> Байрақты бәсекеге 25 команда қатысуға мүмкіндік алды. Оның арасында жерлестеріміз де бар. Ұлттық құрама ең алдымен Мальта спортшыларымен жолығып, 3:13 есебмен жеңіліп қалды. </span><span>Енді топтық кезең аясында АҚШ құрамасымен кездеседі. Жалпы әр топта 3 командадан ғана. Кейінгісі, яғни, АҚШ құрамасы  Мальтадан 10:15 есебімен ұтылған болатын. </span><span>Сәйкесінше, Қазақстан мен АҚШ ұлдары енді топтық кезеңнен шығатын екінші жолдаманы сарапқа салады. </span>

<span>Жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода 27-ші тамызға дейін жалғасады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или