Қазақстандық каратэші Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды
Қазақстандық каратэші Қайсар Алпысбай Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Каратэден 60 келі салмақта бақ сынаған Қайсар турнирде алтын медаль жеңіп алды.
Қайсар финалдық кездесуде Кувейт өкілі Абдулла Шаабанды жеңді.
Бұл салмақта қола медаль саудиялық Сауд Альбишер мен алжирлік Хеласса Айюбқа бұйырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или