Токио Олимпиадасына қатысты дау шықты. Мұнда да жемқорлық анықталды

Токио Олимпиадасына қатысты дау шықты. Мұнда да жемқорлық анықталды

2020 жылғы Токио Олимпиадасы ұйымдастыру комитетінің басшысы Харюки Такахаси пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Lenta.ru.

78 жастағы функционер ерлер костюмін сатумен айналысатын жергілікті AOKI Holdings киім өндірушісінен ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінгені хабарланды. Нәтижесінде компания ойындарды ұйымдастырушылардан ірі демеушілік келісімшартқа қол жеткізген.

Такахаси ойындар басталмай тұрып отставкаға кеткен Есиро Моридің орнына келген еді. Мори өзінің сексистік мәлімдемелерімен кейін жанжал болып, Олимпиада ұйымдастыру комитетінің басшысы қызметінен кеткен. 

Олимпиада ойындары коронавирус пандемиясы кезінде жағдай ушығуына байланысты 2021 жылдың жазына ауыстырылған еді. Такахаси соның салдарынан ұйымдастырушылар қаржылық шығынға ұшырағанын айтқан еді. Жарыстар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или