Қазақстан спидкубингтен Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстан спидкубингтен Азия чемпионатында топ жарды

Елордада Рубик кубигін жылдам жинаудан Rubik' s WCA Asian Championship 2022 чемпионаты аяқталды.

Төрт күнге жалғасқан жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарды ресми марапаттау рәсімі өтті.

– Бұл спорт түрі жастардың ойлау қабілетіне, дұрыс шешімдерді жылдам қабылдай білуіне жақсы әсер етеді. Сондықтан жеткіншектердің жүзден жүйрік шығып, үздік атанып жатқаны қуантады. Спортшыларымыз 6-7 секундта керемет нәтиже көрсетті. Жарыс өтіп жатқан алаңға келіп, спортшыларымызға қолдау білдірген баршаңызға алғыс айтамын, - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Айта кетейік, 13 мемлекеттен келген 116 қатысушы үздік титул үшін жарысты. Чемпионаттың қорытынды турнирлік кестесінде медальдік есепте бірінші орынды Қазақстан спортшылары, екінші орынды Үндістан өкілдері, үшінші орынды ҚХР қатысушылары алды.

Сондай-ақ, төртінші орынды Жапония, бесінші орынды Моңғолия мен Қырғызстан спортшылары, ал алтыншы орынды Өзбекстан мен Пәкістан спортшылары иеленді.

Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 9000$ құрады. Сонымен қатар, спидкубингтен Азия чемпионаты аясында 3000 Рубик кубигін жылдам жинау шеберлері Димаш Құдайберген мен GGG - Геннадий Головкиннің портреттерін жинады.

- Спидкубинг әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдарды біріктіреді, жасына қарай бөлмейді, мысалы, 18 жасқа толған куберлер және 55 жасқа толған куберлер бар. Мен Қазақстан спидкубинг қозғалысының бір бөлігі екеніне қуаныштымын. Бұл спорт түрі көптеген жастардың әлеуетін кәсіби тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да ашты. Сондай - ақ, бұл туризмге түрткі болатын бағыт, - деді WCA негізін тең қалаушы Рон ван(Ron van Brukhem) Брюхем.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или