Исламиадада көркем гимнастика шеберлері қола жүлде алды

Исламиадада көркем гимнастика шеберлері қола жүлде алды

Қазақстандық көркем гимнастика шеберлері Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлде алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыс барысында Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы командалық көпсайыста үздік үштіктен көрінді.

Дәл осындай жетістікке көпсайыстан ел құрамасы топтық көрсеткіште қол жеткізді.

Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.

Биылғы додада 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталды. Ол 18 тамызда мәресіне жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или