Шахматшыларды Алматыда салтанатты түрде қарсы алды
Жанкүйерлер Үндістанның Ченнаи қаласында өткен әлемдік шахмат олимпиадасына қатысқан Қазақстан құрама командасының мүшелерін Алматы әуежайында салтаннатты түрде қарсы алды.
Қазақстанның қыздар құрамасы 44-ші Шахмат олимпиадасында 5-орын алды. Бұл – тәуелсіз еліміз бен ұлттық құрама тарихындағы ең үздік көрсеткіш. Үндістанда өткен әлемдік шахмат олимпиадасына 2000 аса қатысушы келді. Жарыста 189 ерлер және 162 әйелдер командасы бақ сынаған.
2014 жылғы Әлемдік шахмат олимпиадасында қазақстандық қыздар 6-орынға табан тіресе, 1992 және 1996 жылдары екі рет 8-орыннан көрінген еді. Сондықтан биылғы жетістік – отандық шахматшылар үшін ең үздік көрсеткіш.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или