Ислам ойындары: Таеквандодан Қазақстан құрамасының тізімі
Ислам ынтымақтастық ойындарында қазақстандық 11 таеквондошы ел намысын қорғайды, деп хабарлайды<span> </span>федерацияның баспасөз қызметі.
Түркияның Конья провинциясында 9 тамыз, сейсенбі күні V Ислам ынтымақтастық ойындары басталады.
Бүгін даянгқа Жасурбек Клычов, Самирхон Абабакиров, Камила Аймұқашева шығады.
Байрақты бәсеке былтыр өтуі керек болған, алайда COVID-19 пандемиясына байланысты 2022 жылға қалдырылды.
Ойындар 18 тамызға дейін жалғасады. Дүбірлі додада 56 елден 4 мыңнан астам спортшы жарыстың 24 түрінен бақ сынайды.
Барлығы 355 медаль сарапқа салынады.
Бас бапкер Батырбек Есдәулетов мына таеквондошыларға сенім артып отыр:
1. Жасурбек Клычов, 54 кг
2. Самирхон Абабакиров, 58 кг
3. Сапарғали Әбдірашев, 63 кг
4. Эльдар Бірімбай, 68 кг
5. Әбдірахман Марипов, 74 кг
6. Рахым Әділханов, 80 кг
7. Бауыржан Хасенов, +87 кг
8. Камила Аймұқашева, 57 кг
9. Жазира Исина, 62 кг
10. Феруза Ергешова, 67 кг
11. Жансель Дениз, 73 кг.