Шахмат олимпиадасы: ҚР ерлер құрамасы 5 орынға көтеріліп, қыздар «үштіктен» кетті

Шахмат олимпиадасы: ҚР ерлер құрамасы 5 орынға көтеріліп, қыздар «үштіктен» кетті

Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы рейтингіде төмендеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

<span>Турнирдің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, </span><span>Қазақстанның шахматшы қыздары қазіргі уақытта Олимпиада рейтингінің 8-інші позициясында тұр. Бұған дейін ел құрамасы Үндістаннан 0,5-3,5 есебімен жеңілген еді. Аталған матч алдында Қазақстан – үшінші, Үндістан екінші орында болды. Үндістан командасы ҚР құрамасын жеңгеннен кейін рейтингіде көш бастады. </span>

<span>Айта кетейік, бұл шахматшы қыздарымыз үшін турнирдегі екінші жеңіліс. Бұған дейін олар Әзербайжанға 1:3 есебімен есе жіберді. Соңғы – 11-матчта Қазақстан Үндістанмен шеберлік байқасады. Ал Қазақстанның ерлер құрамасы бүгін Хорватияны 3:1 есебімен сүріндірді. Бұл жеңістен кейін қазақстандықтар рейтингіде 25-орыннан 20-позицияға көтерілді. Соңғы – 11-турда еліміз командасы Үндістанмен ойнайды. Әзірге турнир кестесіндегі көшбасшы – Өзбекстан.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или