Жас таеквондошыларымыз әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алды
Болгария астанасында таеквондодан жастар арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
Алты күн бойы әлемнің 90 елінен барған 811 спортшы жүлделі орындарға таласты.
Қазақстандықтар дүбірлі додада екі күміс пен төрт қола медаль иеленді. Жерлестеріміздің арасынан күміс медаль Айдана Сүндетбай (46) мен Тамерлан Тілеулеске (51 кг) бұйырса, Әсет Ізғалиев (48 кг), Жавохирхон Исламов (55 кг), Әлібек Шайкенов (59 кг) пен Батырхан Тілеуғали (59 кг) қола жүлдегер атанды.
Жалпы еліміздің атынан бұл аламанға 20 таеквондошы аттанған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или