Қазақстан таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатын 6 медальмен аяқтады

Қазақстан таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатын 6 медальмен аяқтады

Болгария астанасында таеквондодан жастар арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі<span> </span>федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алты күн бойы әлемнің 90 елінен барған 811 спортшы жүлделі орындарға таласты.

Қазақстандықтар дүбірлі додада екі күміс пен төрт қола медаль иеленді. Жерлестеріміздің арасынан күміс медаль Айдана Сүндетбай (46) мен Тамерлан Тілеулеске (51 кг) бұйырса, Әсет Ізғалиев (48 кг), Жавохирхон Исламов (55 кг), Әлібек Шайкенов (59 кг) пен Батырхан Тілеуғали (59 кг) қола жүлдегер атанды.

Жалпы еліміздің атынан бұл аламанға 20 таеквондошы аттанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или