«Әлсіреген құраммен бардық». Бессайысшылардың бас бапкері Мысырдағы әлем чемпионатының нәтижелері туралы пікір білдірді

«Әлсіреген құраммен бардық». Бессайысшылардың бас бапкері Мысырдағы әлем чемпионатының нәтижелері туралы пікір білдірді

Бессайыстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Сергей Туробов Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Александриядағы әлем чемпионатының нәтижелері туралы пікір білдірді.

– Александрияда өткен әлем чемпионатындағы бессайысшыларымыздың өнерін қалай бағалайсыз?

- Біз әлем чемпионатына әлсіреген құраммен бардық (жарақат, ауру), сондықтан эстафеталық жарыстарға қатыспадық, сонымен қатар толыққанды жаттығуға жағдай болмады, әсіресе семсерлесуден.

Жекелей сында Елена Потапенко, Павел Ильяшенко, Григорий Борода-Дудочкин және Людмила Яковлева өнер көрсетті. Оның ішінде тек Потапенко ғана финалға өтті, қалғандары жарыстан ерте шығып қалды. Финалда Елена 14-орын алды. Жоғарғы орынды алуына оған семсерлесудегі нәтижесі мүмкіндік бермеді.

Миксте Потапенко мен Ильяшенко сынға түсті, сырқатына байланысты өз деңгейінде өнер көрсете алмады, сондықтан қатаң бәсеке жағдайында 20 команда арасында 13-орын алды.

- Неге әлем чемпионатына Владислав Сухарев бармады?

- Ол оң қолының шынтақ буынынан жарақат алған. Емделіп, қалпына келу курсынан өтіп жатыр.

- Біздің бессайысшылардың келесі жарысы қандай?

- Жақын арада 14-20 қыркүйек аралығында Алматыда өтетін Азия чемпионатына дайындықты бастаймыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или