Қазақстандық шахматшылар жалпыкомандалық есепте 3-орынға көтерілді
Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан шахматтан бүкіләлемдік Олимпиадада қазақстандық шахматшылар жалпыкомандалық есепте 3-орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап
Жарыстың кезекті күні қазақстандық қыздар Болгария құрамасымен жолықты. Нәтижесінде жерлестеріміз арасынан Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нахбаева қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Ал Бибісара Асаубаева және Ксения Балабаева кездесулерін тең нәтижемен аяқтады.
Айта кету керек, бұл қазақстандық қыздардың осы жарыстағы 7-жеңісі. Бұған қоса бір рет тең түсті және бір рет есе жіберді. Осының арқасында жалпыкомандалық есепте 6-сатыдан 3-сатыға жоғарылады.
Ал Қазақстанның ерлер құрамасы керісінше бұл жолы Сербия шахматшыларынан ұтылып, 12-орныннан 25-орынға сырғыды. Енді қазақстандық қыздар бүгін алаң иелері, яғни Үндістан құрамасымен жолығады. Кейінгісі жалпы есепте екінші болып тұр. Ал жігіттер Хорватия командасымен ойнайды. Жарыстың жалпы қорытындысы 10 тамызда белгілі болады.