Бокс

Алматыдағы бокс кеші кейінгі шегерілді

Алматыдағы бокс кеші кейінгі шегерілді

Қазақстандық Tukeshov Boxing Promotion промоутерлік компаниясының Алматыдағы бокс кеші кейінгі шегерілді.

Бокс кеші 20 шілдеде Алматыда өтеді деп жоспарланған еді. Алайда ұйым турнирдің кейінгі шегерілгенін хабарлады. Әзірге қай уақытқа ауысқаны белгісіз.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта жастар арасындағы WBO чемпионы атағы сарапқа салынады, онда қазақстандық Нұрдос Төлебай (9-0, 7-КО) мен мексикалық Мартин Родригес (9-2, 7 КО) жұдырықтасады.

Андеркардта Тұрсынбай Құлахмет, ағайынды Рай мен Рахат Сейітжановтар, Талғат Шайкен, Виктор Коточигов, Айдос Медет, Нұрбол Сұлтанбай, Михаил Коханчик сынды қазақстандық боксшылар өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0