Қонаевта турникке тартылудан республикалық фестиваль өтіп жатыр

Қонаевта турникке тартылудан республикалық фестиваль өтіп жатыр

Елімізде алғаш рет әуесқой спортшылар арасында турникке тартылудан жарыс басталды. Оған өңірден 100-ден астам адам қатысып жатыр.

Бүгін Қонаев қаласында бастау алған спорттық сайыс қыркүйек айына дейін жалғасады. Аталған уақыт аралығында Tartyl Fest еліміздің 20 қаласында өтпек.

Аталған спорттық шара ҚР Президенті жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қорының қолдауымен өтіп жатыр. Турникке тартылудан кез келген азамат бақ сынай алады. Сондай-ақ, қаржылай сыйақы қарастырылған.

Айта кетсек, Street Workout - бірнеше спорт түрінің басын біріктірген әуесқойларға арналған бәсеке. Еліміздің 20 өңірінде өтетін «Tartyl Fest» шарасы барысында 9 санат бойынша 27 жеңімпаз анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или