Қазақстан спортшылары АҚШ-тағы ХІ дүниежүзілік ойындарға қатысады
Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде АҚШ-тың Бирмингем қаласында өтетін XI Дүниежүзілік ойындарға Қазақстан делегациясын шығарып салу рәсімі өтті, деп жазады Prosports.kz сайты.
Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, Республикалық Спортты дамыту дирекциясының директоры Маратбек Мықтыбеков пен делегация мүшелері қатысты.
Самат Ерғалиев кикбоксингтен әлем чемпионы Шыңғысхан Тлемісовке Мемлекеттік туды табыстап, ел намысын қорғайтын барлық спортшыға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, XI Дүниежүзілік ойындар АҚШ-тың Бирмингем қаласында 7-17 шілде аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы 8 спорт түрінен 16 атлет апарады. Олар кикбоксинг, садақ ату, муай-тай, джиу-джитсу, спорттық акробатика, брейкинг, WKF каратэден жүлдеге таласады. Ал биылғы ислам елдерінің бәсекесін тамыз айында Түркияның Конья қаласы қабылдамақ.