Алматы облысында парашют спортынан чемпионат басталды

Алматы облысында парашют спортынан чемпионат басталды

Арнайы операциялар күштерінің парашюттік даярлық орталығында жеке-командалық біріншілікке классикалық парашют спорты мен топтық парашют акробатикасынан Қазақстан Республикасы мен Қарулы күштердің 29-ашық чемпионаты өтіп жатыр. <br /><br />Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, аталған сайысқа Арнайы операциялар күштерінің, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Әскери-әуе күштерінің, Ұлттық ұланның, «Отан» ҚБ республикалық аэроклубының, Қарағанды қаласының авиациялық құтқару-іздестіру орталығының, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебінің командалары қатысуда. Барлығы 17 команда, олардың ішінде халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберлері мен шебер атағына үміткерлер, разрядты спортшылар да бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или