Ерлан Жамантаев «Ақтөбеге» оралады

«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы басшысы Ерлан Жамантаев қызметіне оралады. Бұл туралы<span> </span>Meta-ratings.kz<span> </span>сайты хабарлады.
Ол жақында ҚФФ техникалық директорының орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Алайда ақтөбелік жанкүйерлер облыс әкімінің атына хат жазып, Ерлан Жамантаевты қызметінде қалдыруды сұраған. Бүгін белгілі болғандай, ол қызметіне оралады.
Айта кетейік, Жамантаев бұған дейін Футбол федерациясында бұқаралық футбол департаментінің директоры қызметін атқарған, сонымен қатар «Ұшқын-Искра» футзал клубы мен Қазақстан жағажай командасын жаттықтырған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или