«Ақтөбенің» матчын стадион сыртынан сығалап көрген жанкүйер шексіз абонементтің иесі атанады

«Ақтөбенің» матчын стадион сыртынан сығалап көрген жанкүйер шексіз абонементтің иесі атанады
news-banner7
mobile-news-top

Орталық стадионға кіре алмаған жанкүйер «Ақтөбе» - «Астана» матчын стадион сыртынан сығалап тамашалаған. Қазір жігітті футбол клубы іздестіріп жатыр.

«Қазір біз орталық стационға кіре алмай, ойынды сырттан тамашалаған жігітті іздестіріп жатырмыз. Тек «Астанамен» болған матчта емес, негізі әр ойында стадион лық толады. Ал бұл матч Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болған екі мықты команданың ойыны.

Сондықтан жексенбі күні болатын ойын билеті сәрсенбіден бастап сатылымға шығарылды. Бірер күн ішінде электронды билет түгел сатылып кетті. Ал қағаз жүзіндегі билет кассаға сол күні түсті, ол да лезде өтіп кетті.

Матчты сырттан тамашаған жігіт туралы айтар болсақ, қазір іздеп жатырмыз. Оған «Ақтөбе» ФК барлық ойындарына арналған маусымдық абонементті сыйға бергіміз келеді. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин оның фотосын көріп, клубқа шын жанашыр жанкүйерге сый жасауға тапсырма берді», - деді «Ақтөбе» ФК медиа-офицері Әсет Жомарт.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер