Көркем гимнастикадан ӘЧ-да Қазақстан тағы бір алтын алды
Таиландта көркем гимнастикадан Азия чемпионаты аяқталды. Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, көпсайыста Айбота Ертайқызы 4-і болды.
<span>Ал Елжан Таниева 7-і нәтиже көрсетті. Жекелей біріншілікте Елжан Таниева лентамен жаттығу көрсетуде үздік шығып, алтын медаль жеңіп алды. </span>
<span>Сондай-ақ ол ұршықпен жаттығудың финалында күміс жүлдегер болды. Айта кетейік, осыдан бір күн бұрын Қазақстан командасы топпен жаттығу жасауда алтын медаль иеленген еді. </span>
<span>Спортшы қыздарымыз шеңбермен өнер көрсетуде 30 балл алып, топ жарды. Көркем гинастиканың бұл түрінде «күміс» Өзбекстанға, «қола» Жапонияға бұйырды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или