Қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің ең жас чемпионы атанды: Президент жас чемпионды құттықтады

Қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің ең жас чемпионы атанды: Президент жас чемпионды құттықтады

Панамада өткен шахматтан оқушылар арасындағы әлем чемпионатында 7 жастағы Жансая Зиядин ФИДЕ-нің ең жас чемпионы атанды. Қасым-Жомарт Тоқаев жас чемпионды жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Жарысқа 36 шахматшы қатысқан. Олардың әрқайсысы 9 ойыннан өткізген. Нәтижесінде Жансая максималды 9 ұпай жинаған.

«Жеті жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында өткен сайыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, екі бірдей атақты иеленуің – Қазақстанның шахмат тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. Сен тума талантың мен жеңіске деген ерік-жігеріңнің арқасында осындай биік белесті бағындырдың. Өзің ізін басып келе жатқан қазақстандық шахмат шеберлерінің даңқты жолын лайықты жалғастыратыныңа кәміл сенемін», - деп жазылған президенттің құттықтау хатында. 

Мемлекет басшысы Малика Зиядиннің әрдайым жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или