Дәурен Абаев: РСК базасындағы жаттығу орталығы көптеген спортшыларға екінші мүмкіндік береді

Дәурен Абаев: РСК базасындағы жаттығу орталығы көптеген спортшыларға екінші мүмкіндік береді

Алматыдағы республикалық спорт колледжінің базасында құрылатын жаңа жаттығу орталығы көптеген спортшыларға екінші мүмкіндік береді. Ол колледждің орнына емес, оның жанынан ашылады. Бұл ретте колледж өз жұмысын бұрынғы режимде жалғастырады. Оның үстіне, ол талапқа сай жаңғыртылады, материалдық-техникалық базасын жақсартады, жоғары білікті мамандар тартылады.

«Мектеп бітіргеннен кейін балалар қайда барады? Колледжге, соның ішінде РСК-ке де барады. Колледжден кейін тек бірінші нөмірлі спортшылар ұлттық құрама сапына алынады. Қалған балалар ешқайда кетпейді, яғни спорттық мансапты жалғастыруға мүмкіндігі жоқ. Көбісі заңгер, такси жүргізушісі, фитнес нұсқаушысы болып кетеді. Оқу орталығының арқасында біз оларға тағы бір мүмкіндік береміз. Біз олардың спорттық мансабын ұзартамыз»,-деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Сонымен қатар, ведомство басшысы РСК жанындағы мектептің оқушылары «Қаркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ және «Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-не ауыстырылатынын атап өтті.

«Көпшілік қауым колледж бен мектепті шатастырады. Көпжылдық дәстүрі бар колледж қалады. Биыл онда жаңадан 50 спортшы қабылданатын болады. Ал колледж жанындағы мектеп тек 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын былайғы жұрт білмейді. Сондықтан да балалар өздері айналысқан спорт түрлері бойынша Алматыдағы басқа екі мектепке ауыстырылады», – деді министр.

Жаттығу орталығының базасында негізгі құрамаға енбеген спортшылар ірі халықаралық жарыстарға, соның ішінде Олимпиада мен Әлем чемпионаттарына жыл бойы дайындала алады. Жаттығу орталығында, оның ішінде өңірлерден және аз қамтылған отбасылардан шыққан келешегі бар спортшылар дайындықтан өте алады. Осылайша, адал бәсекелестік пен шынайы ынталандыру салтанат құрады, Қазақстан Республикасының штаттық құрама командалары үшін сапалы резерв қамтамасыз етіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или