Қазақстандық гимнаст Азия чемпионатында «күміс» алды
Дохада (Катар) көркем гимнастикадан Азия чемпионаты аясында финалдық жарыстар басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық Нариман Құрбанов 14,800 ұпай жинап, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бірінші орынды иорданиялық гимнаст (15,255), қола жүлде Қытай өкіліне (14,600) бұйырды.
Сондай-ақ әйелдер арасындағы секіру жарысында Дарья Ясинская төртінші, Көркем Ербосынқызы турнирді алтыншы орынмен аяқтады.
Бүгін, 18 маусымда Қазақстан құрамасының көшбасшысы Милад Карими финалда өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или