Айбек Қамзенов әлем чемпионатында жартылай финалға өте алмады

Айбек Қамзенов әлем чемпионатында жартылай финалға өте алмады

Будапештте 17 маусым мен 3 шілде аралығында cу спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін ерлер арасында 100 метрге брасс әдісімен жүзу өтті. Қазақстандық Айбек Қамзенов қашықтықты 1:03,46 секундта жүзіп өтіп 41-орынға ие болды. Осылайша ол әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама ала алмады.

Бірінші орында Нидерланд өкілі Арно Камминга (58.69), екінші орында америкалық жүзуші Николас Финк (58.81), үшінші орында АҚШ спортшысы Майкл Эндрю (58.96) орналасты.

Фото: olympic.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или