Әділбек Мусин әлем чемпионатында жартылай финалға шыға алмады

Әділбек Мусин әлем чемпионатында жартылай финалға шыға алмады

Будапештте өтіп жатқан жүзуден әлем чемпионатында ерлер арасында 50 метрге баттерфляй әдісімен алдын ала жүзу жарысы өтті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Қазақстандық Әділбек Мусин қашықтықты 23,69 секундта жүзіп өтіп, 26-орынға ие болды.

Үздік нәтижені Тринидад және Тобаго өкілі Дилан Картер (22,87) көрсетті, екінші орынды италиялық Томас Чеккон (22,88) иеленді, үздік үштікті америкалық Калеб Ремел Дрессел (22,88) түйіндеді.

Еске салайық, жартылай финалға 16 жүзуші шығады.

Фото: olympic.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или