Елена Хрусталева: Балалар үшін сүйікті спортшылардың қай жерде жиі жаттығатынын көру қызық

Елена Хрусталева: Балалар үшін сүйікті спортшылардың қай жерде жиі жаттығатынын көру қызық

Жыл сайын Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Халықаралық Олимпиада күні аясында еліміздің беделді спортшыларымен ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдер кездесу өткізеді. Бұл дәстүр биыл да жалғасын тауып, Алматы қалалық балалар хосписінің жасөспірімдері өздерінің сүйікті спортшыларымен кездесті.

Халықаралық Олимпиада күні жыл сайын 23 маусымда аталып өтеді. Ұлттық Олимпиадалық комитеті дәстүрлі түрде маусым айын олимпиадалық құндылықтарды насихаттау және қазақстандықтардың әртүрлі спорт түрлеріне қызығушылығын арттыру мақсатында арнайы акцияларға арнады.

17 маусымда Алматы облысындағы «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында «Мен сенімен біргемін» хосписінің онкологиялық аурулары бар балаларға арналған  экскурсия өтті. Экскурсия аясында жас қонақтар көрнекті спортшы, биатлоннан 2010 жылғы Ванкувер қысқы Олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталевамен кездесті.

Спортшы балаларға олимпиадалық қозғалыстың негізгі қағидалары – адалдық, әділдік, өзара түсіністік және нағыз олимпиадашылардың басты ұстанымы және сыры -  күресу және берілмеу туралы айтып берді. Ол сондай-ақ Олимпиада ойындарының атмосферасы туралы айтып, әртүрлі қызықты оқиғаларымен бөлісті.

«Бүгін ерекше күн болды. Балалардың қуанышынан мен ерекше әсер алдым. Бүгін экскурсияға келген әрбір баланың рухы мықты, өжет және нағыз чемпиондар. Менің ойымша, олар үшін сүйікті спортшылардың қай жерде жиі жаттығатынын көру қызықты болды. Риясыз, шынайы кездесу өткеніне қуаныштымын. Балалардың бәріне денсаулық, жақсылық және жеңіс тілеймін», – дейді Елена Хрусталева.

Қатысушыларға дәстүр бойынша Ұлттық Олимпиадалық комитетінің арнайы дипломдары мен сыйлықтары табысталды.

Қазақстанның ҰОК бейбітшілікті, гендерлік теңдік және тұрақты даму, білім беруді нығайтуда біріктіруші күші бар тұлғаның дамуы мен әл-ауқатына жәрдемдесудің құралы ретінде Олимпиадалық қозғалысты және жалпы спортты дамытуда Халықаралық Олимпиада Комитетімен ынтымақтасады.

Жыл сайын кішкентай балалар Халықаралық Олимпиада күнінің негізгі қатысушыларына, кейіпкерлеріне айналады. Балалар жаңа спорт түрлерімен танысады, жарыстарға қатысады және кумирлермен, қазақстанның атақты спортшыларымен кездеседі. Спортшылар мен ҰОК өкілдері бұл кездесулер балаларды дені сау, спортты, туған елін сүйетін жас азамат ретінде өсіп-өніп, қалыптасуына көмектеседі деп сенеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или