Қазақстандық гимнастшы Азия біріншілігінің жүлдегері атанды

Қазақстандық гимнастшы Азия біріншілігінің жүлдегері атанды

Қазақстандық гимнастшы Нариман Құрбанов 14,800 ұпаймен ат снарядындағы жаттығулардан Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.

Бірінші орынды иорданиялық гимнаст (15,255) иеленсе, қола жүлде Қытай өкіліне (14,600) бұйырды.

Еске салайық, Катар астанасы Дохада 12-19 маусым аралығында Азия біріншілігі өтуде.

Қазақстан құрамасы сапында:
1. Милад Карими
2. Нариман Құрбанов
3. Ілияс Әзізов
4. Фарух Нәбиев
5. Дмитрий Патанин жаттығып жатыр.
Бапкерлер:
1. Горбачев С. В.
2. Кудратуллаев А.
3. Курбанов Х. Ш.
4. Ким А. Т.
Құрлықтық біріншілік осы күзде өтетін әлем чемпионаты қарсаңындағы лицензиялық турнир болып табылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или