Қазақстандық Әнел Сытдықова АҚШ-та 48 шақырым қашықтықты жүзіп өтті
Қазақстандық әйел Әнел Сытдықова АҚШ-та 48,5 шақырым қашықтықты жүзіп өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровтың мәлім еткеніндей, қазақтың темір ханшайымы атанған Әнел Нью-Йорк қаласында Манхэттен аралы айналасында 28,5 миль (48,5 км) қашықтықты тоқтамастан жүзіп өткен.
Жүзу үш өзен, соның ішінде Гудзон арқылы өтеді. Сондай-ақ 20 көпірдің көпшілігі Манхэттен мен Бронкс аралығында орналасқан.
Батыс Қазақстан облысында туып-өскен Әнел Сытдықова бұдан үш жыл бұрын Ла-Манш бұғазын (38 шақырым) тоқтамастан 15 сағат 15 минутта жүзіп өткен еді.
«Қазіргі кезде қызым балалары Оксфордта оқып жатқандықтан, күйеубалам Нұрланмен бірге сонда тұрып жатыр», -деді ҚазАқпарат тілшісіне Әнелдің әкесі Әлібек Сытдықов.