Елордада садақ атудан халықаралық турнир өтіп жатыр

Елордада садақ атудан халықаралық турнир өтіп жатыр

Елордада садақ атудан халықаралық турнир өтіп жатыр. Оған 10 елден 200-ге жуық қатысушы жиналды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Араларында Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаты, бұған қоса, Азия және Еуропа біріншіліктерінің жүлдегерлері бар. Халықаралық турнир садақ атудың 4 бағыты бойынша ұйымдастырылды. Сонымен қатар жекелей және командалық сындардағы жеңімпаздар анықталады. Яғни бас-аяғы 12 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ.

Айта кету керек, астанамыз ашық аспан астында садақ ату турнирін алғаш қабылдап тұр. Бұған дейін жабық кешендегі бәсекелер ғана өтетін. Қаладағы желдің екпіні және ауа-райына байланысты басқа да факторлар жарыстың деңгейіне әсер етеді. Бірақ соған қарамастан рекорд жаңартқымыз келеді дейді ұлттық құрама өкілдері. Байрақты бәсекенің өзі 5 күнге созылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или