Паражүзгіш Сиязбек Далиев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Паражүзгіш Сиязбек Далиев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Португалияда өткен парасэйлинг жарысында Қазақстан құрамасына Сиязбек Далиев қола жүлде әкелді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Далиев 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 36,72 секунд көрсеткішпен Бразилия мен Грекия спортшыларынан қалып, үшінші болды.

Сиязбек Далиев – Азия және Еуропа чемпионы, парада жүзуден әлем кубогының иегері, Токио-2020 Паралимпиада ойындарының қатысушысы.

Еске салайық, осыған дейін қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали 100 метрге брасс әдісімен жүзуден күміс медаль алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или