Смақов: Жігіттер Словакияға қарсы алғашқы жеңістің кездейсоқ емес екенін дәлелдеді

Смақов: Жігіттер Словакияға қарсы алғашқы жеңістің кездейсоқ емес екенін дәлелдеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Самат Смақов Prosports.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Магомед Адиевтің жұмысы, ұлттық құрама жанкүйерлері және команданың Ұлттар лигасындағы ойыны туралы пікірін айтты.

– Самат Кабирұлы ұлттық құраманың кешегі ойынын тамашаладыңыз ба?

- Иә, әрине. Жігіттердің басқалар ойлағандай тек тең нәтиже үшін ойнамағанын көріп қуандым.

– Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабының жұмысы қалай? Магомед Мусаұлы қызметке келгенде оған қарсы болған едіңіз. Қазір маман туралы пікіріңіз өзгерді ме?

- Оған қарсы болмағанымды айтқым келеді, тек аздап түсініксіз болды. Бапкердің жұмысы нәтижемен бағаланады, қазір нәтиже бар. Демек ол жұмысын жалғастырады.

– Ұлттық құрама ойыншыларынан кімдерді атап өтуге болады?

– Бұл жерде ешкімді бөліп-жарып атаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл – негізгі құрамда шыққан, қосалқы құрамда отырған ойыншылардың бәрінің ортақ жеңісі. Киім ауыстыратын бөлмеде керемет атмосфера бар екенін көрдік, бұл жеңіске жетелейтін басты жолдың бірі.

– Турнирге дейін біздің команда топтың аутсайдері саналса, қазір бәрі басқаша. Еуропа чемпионатына өте аламыз ба?

– Неге өтпеске, егер жалғасты осылай ойнап, топта бірінші орын алсақ, Еуроға да баруға болады. Бәрі де мүмкін, бастысы сенім керек. Жанкүйерлерге де алғыс айтқым келеді, өйткені кеше олар керемет қолдау көрсетіп, стадионды лық толтыры.

Фото: ашық дереккөзден

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер