Қазақстандық пара таэквондошылар әлемдік Гран-приде екі «қола» жеңіп алды

Қазақстандық пара таэквондошылар әлемдік Гран-приде екі «қола» жеңіп алды

Болгарияда пара таэквондодан «София-2022» Гран-приінің әлемдік сериясы аяқталды. Жарысқа әлемнің 25 елінен 85 спортшы қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл 2024 жылы Парижде өтетін XVII Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысуға лицензия алу үшін іріктеу турнирі болды.

Турнирде ел намысын 4 спортшы қорғап, оның 2-уі жүлделі орындарға ие болды.

Ерлер арасында +80 келі салмақта Нышан Өмірәлі үшінші орыннан көрінді. Ол бірінші айналымда Жапония спортшысын ұтып, жартылай финалда Өзбекстандық таэквондошыға есе жіберді.

Сондай-ақ әйелдер арасында – 57 келі салмақта Камиля Досмалова жартылай финалда Түркия спортшысынан ұтылып, қола жүлдеге қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или