Көркем гимнастикадан әлем кубогы: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі

Көркем гимнастикадан әлем кубогы: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі

Италияда көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті. Olympic.kz қазақстандық споришылардың нәтижелерін ұсынады.

Елжана Тәниева шығыршықпен орындалатын жаттығулар финалында 8-ші, таспамен өнер көрсетуде 5-ші орын иеленді.

Сондай-ақ, ел тарихында тұңғыш рет топтық жаттығулар бойынша командамыз әлем кубогының финалында өнер көрсетті.

Қыздарымыз шығыршықпен 6-орынға ие болса, доп+таспа жаттығуларында 8-орынға тұрақтады.

Қазақстандық гимнастшылардың келесі жарысы Азия чемпионаты болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или