Триатлон: Александр Тен Еуропа Кубогында жеңіске жетті

Триатлон: Александр Тен Еуропа Кубогында жеңіске жетті

4 маусымда Польшаның Жешуве қаласында жасөспірімдер арасында триатлоннан Еуропа Кубогы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kazsports.kz сайтына сілтеме жасап

Байрақты бәсекеге 10 мемлекеттен келген 45 спортшы қатысты. Бұл қатарда біздің 3 атлетіміз – Александр Тен, Егор Крупяков пен Данил Породнов та бар.

Суда жүзу мен веложарыс кезіндегі тартысты жарыстан кейін жеңімпаз 5 километрге жүгіруде анықталды. Мәре сызығына жақын тұста Александр Тен польяк Камил Кулик (01:00:02) пен Куба Гайданы (01:00:07) басып озып, жеңіске жетті. Қазақстандықтың уақыт көрсеткіші – 00:59:51. Өзге отандасарымыз - Егор Крупяков 14-ші (01:02:05), Данил Породнов 16-орын (01:02:26) алды.

Ал қыздар арасында польяктар ешкімге дес бермеді. Юзефина Млынарска (01:06:06) топ жарса, Вероника Пташиньска (01:06:44) екінші, Матильда Воякевич (01:07:10) 3-орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или