«Бейшара болдық»

«Бейшара болдық»

ArtSport мемлекеттік бағдарламасы бойынша қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер қиын жағдайға тап болды. Бұл туралы Atameken Busines телеграм-каналы жазды. 

Бизнесмендер жобаға жұмсаған қаржысын мемлекеттен қайтару үшін осымен төртінші ай күресіп келеді. Олар Мәдениет және спорт министрлігінен балаларға арналған үйірмелер мен секциялар тек әкімдік есебінен емес, республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап етіп отыр. Министрлікте ұсынысты қарастырып, жұмыс тобын құруға уәде берді. 

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ArtSport бағдарламасы арқылы спорт үйірмелеріне бөлінген қаржыны жымқыру бойынша істі тергемей отыр, деп жазады orda.kz

«Аникор қызметі ArtSport бағдарламасы арқылы спорт үйірмелеріне бөлінген қаржыны жымқыру күдігі бойынша түскен сұранысыңыз қаралды. Дәл қазіргі таңда агенттік бұл іс бойынша қылмыстық іс ашпады», – деп хабарлады Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілі Қанат Сүлейменов.

Бұған дейін Алматы спорт басқармасы ArtSport жобасы арқылы қаржыландырылған секциялардың жұмысын құқық қорғау органдары тексеріп жатқанын мәлімдеген еді. Ведомствода кейбір жеткізушілердің ісіне күдікпен қарайтынын атап өтті. 

«Қазіргі таңда Алматыда құқық қорғау органдары жобаны іске асыру бойынша қызмет көрсеткен жеткізушілердің жұмысы бойынша тексеріс жасап жатқаны жасырын емес», – дейді басқармада.

Иллюстрация: Orda.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или