Алакөлде триатлоннан турнир өтеді
11–12 маусымда Ақши ауылы мен Алматы облысының тұрғындары өз жеріндегі триатлон сайысына қатысуға мүмкіндік алады.
Сенбіде сайыс алаңына ҚР чемпионатының қатысушылары U17, U23 және Elite санатындағы спортшылар шықпақ. Сайыс күнінің кульминациясы паратриатлон ұлттық біріншілігі болмақ. Бұл додаға PTVI 1–3 санатындағы спортшылар (нашар көретін не көру қабілетінен айырылған) 750 м жүзу, 20 км велосайыс пен 5 км жүгіруден тұратын спринт қашықтығында сынға түспек. .
Жексенбіде пара триатлоншылар жүріп өткен жолда TEMIRADAM Кубогының сайыскерлері бақ сынайды. Сайыстарға барлығы 120 спортшы қатысады деп күтілуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или