Алматыдағы Республикалық спорт колледжі өз жұмысын жалғастырады

Алматыдағы Республикалық спорт колледжі өз жұмысын жалғастырады

Алматыдағы Республикалық спорт колледжі өз жұмысын жалғастырады, деп жазады Prosports.kz. Бұл туралы Дәурен Абаев мәлімдеді.

<span>«</span>Алматыдағы Республикалық спорт колледжі өз жұмысын жалғастырады. Ол жабылмайды.

Қазір ата-аналар да, балалар да, жаттықтырушылар ұжымы да оқу орнының «жабылып» қалғаны және бәрінің де «сыртта» қалып қоятынына алаңдайтынын білемін.

27 мамырда Алматыда республикалық маңызы бар мектеп-интернаттарды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Спорттық білім беру ұйымдарының директорлары шақырылды. Ашық әңгіме өрбіді, нәтижесінде ортақ шешімге келдік.

Ендеше, колледждің орнында ашылуы тиіс Оқу орталығы енді онымен бірге жұмыс істейтін болады.

Орталық жыл бойы жұмыс істеп, спорт нысандарының жұмысын жақсартатын болады. Мұнда дарынды спортшылар спорттық мансабын жалғастыруға мүмкіндік алады. Мекеме интеграцияланған ғылыми топты тарта отырып, озық халықаралық тәжірибені ескере отырып құрылады.

Сондай-ақ жиын барысында алдағы 2022-2023 оқу жылына колледжге қабылдауды мұқият іріктеу және сапалы өткізу тапсырылды. Бұл болашақ бірінші курс студенттеріне қатысты.

Енді 2011 жылы колледж базасында ашылған бірнеше эксперименттік сыныптарға тоқталсақ.

Бұл сыныптарда оқыған балалар сапалы спорттық білім алып, материалдық базасы стандартқа сай спортпен шұғылдануға мүмкіндік алуы керек.

Сондықтан бұл сыныптар Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы Қаркен Ахметов атындағы республикалық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжіне және олимпиадалық резервтегі республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне ауыстырылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или